Ахметов Серік Кабдуәліұлы

2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Халықаралық суды бағалау орталығының директоры.

Білімі жоғары,  мамандығы - инженер-гидролог (Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қ., 1979).

География ғылымдарының кандидаты (Мемлекеттік океанографиялық институты, Мәскеу, 1989).

Ғылыми ұйымдарда, Қазақстанның орталық атқарушы органдарында, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптарының 6-шы отырысында (Рим, 2012 жылғы қараша) 2012-2015 жылдар аралығына Конвенцияның Бюросына құрамына сайланды.