2012 жылғы 28-30 қарашада Италия Үкіметінің шақыруымен Римде Департамент ғимаратында БҰҰ ЕЭК -ның Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясының Тараптары Кеңесінің алтыншы отырысы өтті (ТК-6).

Кеңесте Конвенцияны іске асыру жөніндегі комитет құрылды. Комитет әрбiр жеке iстiң мән-жайларын ескере отырып, су ресурстарына қатысты дауларды және Тараптарға Конвенцияны iске асыру жөнiндегi күш-жiгерiне қолдау көрсету мақсатында практикалық қолдау көрсетеді.

2003 жылы Швейцария ұсынысы бойынша Мадридте өткен Тараптар Кеңесінің үшінші отырысында БҰҰ ЕЭК аумағының құрамына кірмейтін көптеген елдер Су Конвенциясына қосылуға ниет білдіргеніне байланысты оларды Трансшекаралық ағын суларды мен  халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетулерді енгізу арқылы оларды қабылдау туралы шешім қабылданды.  Осы шешімді ескере отырып, БҰҰ ЕЭК-нің мүше елдері Тараптар Кеңесінің келісімімен ғана, сондай-ақ осындай шешім қабылдаған кезде барлық Тараптар (2003 жылғы 28 қараша) түзетулерді ратификациялаған кезде ғана су Конвенциясына қосыла алады.

Тараптар Кеңесінің алтыншы отырысының елдерімен ұзақ консультациялардан кейінгі шешіміне сәйкес, Су Конвенцияның 25 және 26 ​​түзетулері Конвенцияның 21-бабының 4-тармағына сәйкес 2013 жылғы 6 ақпанда  күшіне енеді деп атап өтті. Осы тармаққа сәйкес, Тараптардың отырысында осы  Конвенцияның Тараптары өкілдерінің бәтуәластықпен Конвенцияға түзетулер, және түзетуді қабылдау Тараптардың үштен екі сақтауға тапсырған күннен кейiн тоқсаныншы күнi оны қабылдаған Тараптар үшiн күшiне енедi. Бұл түзетудi қабылдау туралы Тараптары ұсыныс тапсырған күннен кейiн тоқсаныншы күнi кез келген басқа Тарап үшін күшіне енеді.

Шешімге сәйкес, БҰҰ ЕЭК құрамына кірмейтін кез-келген БҰҰ мүшесінің Конвенцияға қосылуы туралы кез келген өтінішін құптайды және де Тараптар Кеңесі мақұлдаған деп саналады. Бұл мақұлдау 2003 жылғы 28 қарашадағы Конвенцияның Тараптары болып табылатын барлық елдер мен ұйымдар үшін 25 және 26 баптарға енгізілген түзетулер күшіне енген сәтте мүмкін болады.

Осылайша, БҰҰ ЕЭК құрамына кірмейтін елдер Конвенцияға қосылу туралы шешім ТК-6-ның маңызды саяси нәтижесі болды. Ол 2013 жылғы ақпан айынан бастап су туралы конвенцияның жаһандық сипатқа ие болу фактісін атап өтеді.

Тараптар Кеңесінің Алтыншы отырысының материалдары