2015 жылғы 17-19 қарашада Будапештте (Венгрия) өткен Су Конвенциясы Тараптары Кеңесінің жетінші отырысының шешімі бойынша Қазақстан Үкіметі 2018 жылы Қазақстанда Тараптар Кеңесінің сегізінші отырысын өткізуге уағдаласты.
Конвенция Тараптарының Кеңесінің сегізінші отырысы Астанада 2018 жылдың 10 қазанынан 12 қарашасына дейін өтеді.
Алғаш рет Конвенцияның Тараптары Кеңесі Азияда өтеді. Бұл сондай-ақ 2016 жылы Конвенцияның жаһандық деңгейге шығуынан кейін өткізілетін Тараптардың бірінші кездесуі.
Тараптар Кеңесінің сегізінші отырысы БҰҰ ЕЭК аймағынан тыс жерлерде және Конвенцияға қатысушы болып табылмайтын елдердің қатысуымен кеңейтілген форматта өтеді. БҰҰ-ға мүше елдердің көпшілігінің ресми өкілдері, БҰҰ Хатшылығы, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, жеке меншік сектор және ғылыми қызметкерлер қатысады деп күтілуде.
Сегізінші сессияда Конвенция Тараптарының бірқатар маңызды шешімдерін, оның ішінде жаһандық деңгейде Конвенцияны жүзеге асыру стратегиясын, халықаралық келісімдерге қол қою, бірқатар елдердің Конвенцияға қосылуы жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Халықаралық суды бағалау орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Астана қаласында өткен Тараптар Кеңесінің сегізінші отырысын дайындауға және ұйымдастыруға көмек көрсетеді.