Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және олардың өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) басқару процесін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.

 

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) 1947 жылы ЭКОСОС-да құрылған. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі. БҰҰ ЕЭК-тің негізгі мақсаты - жалпы еуропалық экономикалық ықпалдастықты дамыту. БҰҰ ЕЭК құрамына Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдеріндегі 56 мемлекет кіреді.