Нұр-Сұлтан қ.                                                                                2019 жылғы 17 мамыр

XII Астаналық экономикалық форумның жоғары деңгейдегі «Су Орталық Азиядағы экономикалық өсу мен қауіпсіздік факторы ретінде» панельдік сессиясында өңірлік деңгейде су ресурстарын тұрақты басқаруға ұлттық қажеттіліктер мен көзқарастар талқыланды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың төрағалығымен және Орталық Азиядағы су ресурстары жөніндегі Швейцарияның арнайы елшісі д-р Гий Бонвэн модераторлығымен өткен панельдік сессия Орталық Азиядағы бес елдің негізгі министрліктерінің жоғары лауазымды ресми өкілдерін және халықаралық сарапшыларды жинады.

Сапархан Омаров сессияның қатысушыларына арналған өзінің құттықтау сөзінде: "Орталық Азия аймағында су ресурстарының негізгі көздері шекарааралық болып табылатынын ескере отырып, өңірдегі су ресурстарын басқару мәселесі тұтас көзқарасты талап етеді. Суды, азық-түлік пен энергияны біріктіретін өңірдің су секторын ұлттық қауіпсіздікпен, өңірлік тұрақтылықпен және тұрақты экономикалық өсумен тығыз байланыста қарастыру керек".

Бүкіл әлемде, сондай-ақ Орталық Азияда тұрақты экономикалық даму үшін негізгі фактор ретінде судың болуы Дүниежүзілік Банктің, Еуропалық Одақтың және Женева су хабының сараптамалық үлесі арқасында расталды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Орталық Азия өңірінде су ресурстарын басқарудың ұлттық әлеуетін нығайтуға негізделген шекарааралық сулар саласындағы кеңейтілген және жүйелі ынтымақтастық жолымен су ресурстарын басқарудың тиімді тәсілдерін іске асырудан барынша пайда алу үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

«Бүгінде Орталық Азия елдерінің экономикасы су ресурстарында шектелмеген, алайда өңір су ресурстарының әлеуетінен әлдеқайда төмен өндіретінін көріп отырмыз. Климаттың өзгеруінің кумулятивтік салдары және Арал теңізінің ішінара құрғауы суға байланысты жүктемені одан әрі күшейтеді. Су ресурстарын басқарудың қолданыстағы саясаты кезінде су тапшылығы экономикалық көрсеткіштердің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін. Суды тиімді пайдаланумен өңір экономикасы айтарлықтай пайда таба алады», - деп Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Ато Браун атап өтті.

Іс-шара барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Орталық Азиядағы Халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру жөніндегі негізгі қадамдар туралы айтып берді. Бірінші қадам ретінде ол халықаралық әріптестердің қолдауымен Арал теңізі бассейніндегі елдердің өзара іс-қимылының жаңа қаржы-экономикалық тетігін құру тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.

 «ЕО күрделі су, энергетикалық, азық - түлік және экологиялық мәселелерді тиімді шешу үшін ұлттық көзқарастар жеткіліксіз екенін және басқа әріптестермен бірге аймақтағы су ресурстарын тұрақты басқару үшін шешуші маңызы бар өңірлік ынтымақтастықты жақсарту үшін қолдау көрсететінін құптайды», - деп Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, Өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі директоратының директоры Люк Девин атап өтті.

Женева су ресурстары орталығынан Кристоф Бош шекарааралық және сектораралық су контекстеріндегі жалпы пайдаға негізделген тәсілді ұсынды: "Қазіргі уақытта су жинау бассейнінің қызметтеріне инвестициялар (СЖҚИ) 2000 жылғы Шу-Талас келісімі негізінде Орталық Азияда алғаш рет енгізілген бүкіл әлемде қалыптасқан тетік болып табылады. СЖҚИ - бұл бассейннің әр түрлі мүдделі тараптары арасындағы экономикалық келісім, онда бір тарап ұжымдық су ресурстарын неғұрлым тиімді басқару және өсу мен қауіпсіздікке жәрдемдесу мақсатында екінші тарап қызметті инвестициялар бөледі немесе сатып алады".

Панельдік сессия Орталық Азияда су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жалпы көзқарасты қалыптастыру жолындағы бірінші қадам болды, онда ұлттық деңгейде су ресурстарын күшейтілген басқару және шекарааралық сулар бойынша жүйелі ынтымақтастық жалпы ресурстарды бірлесіп басқару қағидаттары негізінде барлық елдер үшін көптеген пайда табуға мүмкіндік пайда болады.

* Іс-шараны Еуропалық Одақпен, Дүниежүзілік банкпен және Халықаралық суды бағалау орталығымен ынтымақтастықта Швейцарияның Орталық Азиядағы «Көгілдір әлем» бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды.

photo 2 photo

photo

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

тел. +7(7172) 555-947, 555-765

minagripress@gmail.com 

 

Халықаралық суды бағалау орталығы:

+7 7172 790430, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қазақстандағы ЕО делегациясы:

 +7 7172 974567,

Elnara.bainazarova@eeas.europa.eu

 

Қазақстандағы Швейцария елшілігі:

andre.wehrli@eda.admin.ch

 

Дүниежүзілік Банк:

+7 7172 691449,

sjetpissova@worldbank.org