Жоғары деңгейдегі 6 – шы Конференция қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО-Орталық Азия платформасы шеңберінде ұйымдастырылды, ол табиғат қорғау қызметін басқару, климаттың өзгеруі және су ресурстарын басқару басымдықтарын қамтиды.
Ташкент, Өзбекстан, 2019 жылғы 24-25 қаңтар
Еуропалық Одақ-Орталық Азия жоғары деңгейдегі 6-шы Конференция министрлердің, жоғары лауазымды дипломаттардың, сондай-ақ қоршаған орта, оның ішінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің су ресурстары саласындағы саясатына жауапты мамандардың қатысуымен өтті.
Қоршаған ортаның, климаттың және су ресурстарының өзгеруіне қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның болашақ ынтымақтастығы бойынша қатысушылар пікір алмасып, басымдықтарды анықтады.
Конференция барысында қатысушылар Еуропалық Одақ - Орталық Азия ынтымақтастығының платформасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нақты жобалар мен шараларды, оның ішінде Арал өңірі аймағындағы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды сауықтыруға, су үнемдеу және шектеулі трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған нақты жобалар мен шараларды әзірлеу және іске асыру қажеттігін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтады, оның ішінде Еуропалық Одақтың қолдауымен су саясаты бойынша ұлттық диалогтарды нығайту, өңірдің барлық елдерінің мүдделерін ескере отырып, су ресурстарын біріктірілген басқаруға жаңа серпін беру, су сапасын бақылау мен мониторинтің заңнамалық базасын жақсарту қажеттілігін растады.
Конференцияда қабылданған қорытынды ережелердің орындалуын Еуропалық Одақ платформасының жұмыс органы ретінде әрекет ететін Еуропалық Одақ -Орталық Азия жұмыс тобы қамтамасыз етеді.