2019 жылғы 27-28 ақпанда Женева қаласында (Швейцария) Ұлттар Сарайында Қазақстан Республикасының атынан А. Зебешев төрағалығымен шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) Бюросының жиырма сегізінші отырысы өтті.

Конвенция Бюросының отырысы барысында Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру Стратегиясының орындалуын талқылау, БҰҰ ЕЭК аймағынан тыс жерлерде Конвенцияны ілгерілету мақсатында ұлттық және өңірлік іс-шараларды өткізу, өңірлік және жаһандық ұйымдармен стратегиялық серіктестік орнату бойынша мәселелер қаралды.

2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысының бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан басқа, Конвенция Тараптары Кеңесінің Сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер талқыланды.

Бюро отырысына Халықаралық суды бағалау орталығының (ХСБО) директоры С. Ахметов қатысты, ол өз сөзінде 2019 жылға арналған ХСБО-ның жұмыс бағдарламасын іске асырудағы ілгерілеу туралы ақпаратты ұсынды.

 

06.03.19