2019 жылғы 7-11 қазанда Братислава қаласында (Словакия) БҰҰ ЕЭК және ХСБО ынтымақтастығында Словакияның "Vodohospodarska Vystavba" мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты Орталық Азия елдерінің мамандарын гиидротехникалық құрылыстарды басқарудың словак тәжірибесімен таныстыру болды.

Семинар қатысушылары Словакияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы, соның ішінде бірлескен жобаларды орындау мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінде өлшеу және ақпараттық жүйені жобалауды, осы жүйені монтаждауды және оны пайдалануға көмек көрсетуді көздейтін мониторинг жүйесін құру бойынша пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ Орталық Азиядағы гидротехникалық құрылыстардың бірінде ерте ескерту жүйесін жобалау және құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.