2019 жылғы 21-24 қазанда “Vodohospodarska Vystavba (Cу ресурстарын басқару)” словак компаниясы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен Словакия мен Қазақстан арасындағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылау.

21-22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ХСБО ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп словак делегациясының ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және "Қазсушар" РМК өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды, кездесулерге Милан Коллар мырза, Қазақстан мен Қырғызстандағы Словак Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қатысты. Словак делегациясы үшін Астана су қоймасы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

2018 жылдың 22 қазанында словак делегациясының ХСБО директоры С. Ахметов мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында "Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша тренинг" жобасына ұсыныстарды іске асыру бойынша консультациялар өткізілді, "Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша тренинг" жобасы бойынша НАТО-ның "Бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ғылым" бағдарламасына жобалық өтінімді дайындау бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды және талқыланды.

2019 жылдың 23-24 қыркүйегінде Алматы қ. словак делегациясының Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы Дирекциясының директоры Б. Бекнияз мырзамен және Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық оқу орталығының директоры С. Ибатуллинмен кездесуі өткізілді.

04.11.19 04.11.19

04.11.19