2019 жылғы 22-24 қазанда Женева қаласында (Швейцария) Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының он төртінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына Шекарааралық сулар жөніндегі конвенцияға мүше елдердің делегациялары және мүше емес, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыстың тең төрағаларының функцияларын Хайде Йекель ханым (Германия), Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы және Леа Кауппи ханым (Финляндия), Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы және Мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы орындады.

Отырыста жұмыс тобы 2019-2021 жылдарға арналған Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенция жұмысының бағдарламасын орындау барысын қарастырды, оның ішінде 2018 жылғы 10-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенция Тараптары Кеңесінің Сегізінші сессиясында қабылданған шешімдердің орындалу барысын талқылады, сондай-ақ конвенцияның жаһандық ашылуын, Конвенцияның ағымдағы және болашақ іс-шараларын талқылады.