2019 жылғы 21 қазанда Женева қаласында (Швейцария) Шекарааралық мәнмәтінде Су ресурстарын бөлу жөніндегі Нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) әзірлеу бойынша сараптамалық топтың Бірінші отырысы өтті.

Топтың Бірінші отырысында сараптамалық топтың негізгі міндеттері, Нұсқаулықты әзірлеумен байланысты іс-шаралар, сондай-ақ Нұсқаулықтың алдын ала құрылымы қаралды. Отырыс барысында топ мүшелері Нұсқаулықтың негізгі тақырыптарының элементтерін, құжатты құрастыру мерзімдерін талқылады, сондай-ақ суды бөлудің тиісті тақырыптық салаларын көрсете алатын әлеуетті тақырыптық зерттеулерді анықтады.

ХСБО отырыста Нұсқаулықты дайындау бойынша іс-шараны бірлесіп орындаушы ретінде ұсынылды. Сараптамалық топтың мүшелеріне ХСБО-ның су ресурстарын бөлу жөніндегі іс-шаралары және 2020 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған өңірлік семинар туралы ақпарат ұсынылды.