2019 жылғы 11-15 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша Еуропалық комиссияның Бас дирекциясының ұйымдастыруымен Су ресурстары саласындағы ғылым мен технологиялар бойынша Еуропалық Одақ - Орталық Азия желісі шеңберінде тақырыптық семинар өтті.

Семинарға Орталық Азия және Ауғанстан, Германия, Италия және Австрия елдерінен су ресурстары жөніндегі мамандар, сондай-ақ жергілікті ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Семинарда Орталық Азиядағы ағынды су, сумен жабдықтау және су сапасы мәселелері талқыланды, сондай – ақ Еуропалық Одақтың "Горизонт-2020" бағдарламасы аясындағы жобалар таныстырылды.

Семинар барысында қатысушылар Бішкек қаласындағы ағынды су зауытына барып, суды тазалаудың қолданылатын технологияларымен танысты.