2019 жылғы 12-13 желтоқсандаНұр-Cұлтанқаласында Трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу және экологиялық ағынды бағалау бойынша сарапшылардың техникалық кеңесі өтті.

Кеңесті Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенция Хатшылығымен, Халықаралық суды бағалау орталығымен, сондай-ақ "ECOTERA" ЖШС және "Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі" ЖШС-мен ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Кеңес жұмысына Орталық Азия, Қытай, Моңғолия және Иран елдерінің ұлттық сарапшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенция Хатшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Қоршаған орта мәселелері жөніндегі қызметкері Аннукка Липпонен сөз сөйледі.

Кеңес "Трансшекаралық контексте су ресурстарын тұрақты бөлу" және "Экологиялық ағын – экологиялық жүйені сақтаудың негізі" жобаларын орындау шеңберінде өткізілді. Аталған жобалар Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенцияның Трансшекаралық контекстінде су ресурстарын әділ және тұрақты бөлу жөніндегі басшылыққа өңірлік ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.

13.12.19 3

Су ресурстарын бөлу әлемнің көптеген аймақтарындағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Су ресурстарын өсіп келе жатқан тұтыну мен пайдалану, судың жетіспеуі мен климаттың өзгеруі жаһандық деңгейде су бөлу мәселесіне деген қызығушылықты арттырды.

Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану Орталық Азия елдері үшін де өзекті міндет болып табылады. Халықаралық су құқығы қағидаттарына және ең жақсы практикаларға негізделген Трансшекаралық контексте су ресурстарын тұрақты бөлу елдердің орнықты дамуына және қауіпсіз қатар өмір сүруіне ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан Шекарааралық сулар жөніндегі Конвенция бюросының төрағасы бола отырып, Трансшекаралық контексте су ресурстарын әділ және тұрақты бөлу жөніндегі басшылықты әзірлеуге жәрдем көрсетеді, ол барлық деңгейдегі мемлекеттік лауазымды тұлғалар, сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы тиісті практик мамандар үшін практикалық басшылық болуға тиіс. Онда тақырыптық зерттеулерді қоса алғанда, суды бөлудің бірқатар тәсілдері, құрылымдары мен элементтері бойынша практикалық ұсыныстар қаралып, беріледі.

Техникалық кеңесте қатысушылар басшылықтың жобасын талқылап, басшылыққа келісілген ұсыныстарды әзірлеудегі өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірледі

13.12.19 1

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық суды бағалау орталығының қоғаммен байланыс бойынша маманы Нұргүл Маркабаеваға +7 (7172) 790 430 телефоны бойынша немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Суреттер - жүктеу