2020 жылғы 22 және 23 қыркүйекте трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу және экологиялық ағынды бағалау бойынша онлайн режимде Аймақтық кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген су шаруашылығы және қоршаған орта секторларының өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Хатшылығының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Н.Нысанбаев және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қоршаған орта мәселелері жөніндегі қызметкері Аннукка Липпонен құттықтау сөз сөйледі. Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев өз сөзінде су ресурстарымен байланысты қазіргі және болашақ сын-тегеуріндер алдында шектес елдер арасындағы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес Аймақ елдері үшін су ресурстарын бөлу және экологиялық ағынды бағалау мәселелері бойынша білім және тәжірибе алмасу бойынша жемісті платформа болды.

Кеңестің негізгі қорытындысы Аймақелдерінің трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу жөніндегі Басшылыққа ұсыныстар түрінде шоғырландырылған пікірге келуі болды. Басшылықтың жобасын трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияның Хатшылығы әлемнің барлық өңір елдерінің сарапшылары мен мамандарының қатысуымен әзірленеді. Басшылық су ресурстарын әділ және орнықты бөлу тетіктерін әзірлеуде немесе ресмилендіруде әлемдік тәжірибені жалпылауға және жағалаудағы мемлекеттер мен бірлескен органдарға қолдау көрсетуге бағытталған.

Кеңесті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми қолдауымен, трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Хатшылығымен, сондай-ақ "ECOTERA" ЖШС және "Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі" ЖШС ынтымақтастықортата отырып Халықаралық суды бағалау орталығы ұйымдастырды.

Таныстырылым жүктеу

Суреттер жүктеу