2020 жылы 15 қазанда Халықаралық суды бағалау орталығының (ХСБО) кеңсесінде ХСБО директоры С.К.Ахметовтің Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азиз мырзамен кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер ресурстарын пайдалану мен қорғауды жақсартуға байланысты бірлескен жобалар құру жөнінде ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау болды.

ХСБО директоры С.К.Ахметов Омар Азиз мырзаны Халықаралық суды бағалау орталығының басты миссиясымен таныстырды. ХСБО-ның басты мақсаты - Су конвенциясын жүзеге асыруылуына ықпал ету. Орталық Қазақстанның көршілес елдеріне және Орталық Азиядагы өзге елдерге, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК аймағындағы және одан тыс аумақтағы басқа елдерге көңіл бөледі.

Омар Азиз мырзаның айтуы бойынша, Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің басты міндеттерінің бірі - су ресурстарын басқаруды жетілдіру, бұл елдегі маусымдық су тасқыны мәселелерін шешуге ықпал етіп, Ауғанстан экономикасын дамытудың драйверіне айналуы мүмкін. Ауғанстан трансшекаралық су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударады. Тәжікстан мен Ауғанстан арасында екі елдің трансшекаралық өзендерінің ресурстарын пайдалану туралы 8 меморандумға қол қойылғандығы атап өтілді.

Кездесу барысында Омар Азиз мырза Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп PhD докторантура бағдарламаларын құру қажеттігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде серіктестер мен донор елдердің қолдауымен су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілдерін ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу, жүзеге асыру және әрі қарай дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.