2020 жылғы 3 қарашада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы (ДДҰ) су және денсаулық мәселелері жөніндегі Хаттама бойынша Есеп беру мен көрсеткіштерді құру жөніндегі Мақсатты жұмыс тобының 11-ші жиналысын ұйымдастырды.  Кеңес онлайн және бетпе-бет жүзінде гибридті форматта өтті.

Кеңес су және денсаулық мәселелері жөніндегі Хаттама шеңберінде қабылданған түрлі бастамаларды талқылау үшін бүкіл әлемнің үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін және тәуелсіз сарапшыларды жинады. Өз кезегінде, Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығы іс-шараға бақылаушы мәртебесінде қуана өз үлесін қосты.

Кездесудің негізгі мақсаты COVID-19 пандемиясы кезінде сумен жабдықтау, санитария, гигиена (WASH) және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасу болды. Басқа да мақсаттар Хаттаманың 6-бабына сәйкес елдер қол жеткізген жалпы прогресті талқылау (мақсатты көрсеткіштерді белгілеу), сондай-ақ орнықты даму саласындағы (таза су және санитария) 6-мақсатты жүзеге асыру бойынша жаһандық және өңірлік ақпарат тарату болды.

Кездесу барысында ұсынылған Италия, Әзірбайжан, Венгрия, Молдова, Румыния және Армения сияқты елдердің баяндамалары COVID-19 пандемиясында сумен жабдықтау және санитария саласында қабылданған практикалық қадамдардың керемет мысалдарын ұсыну тұрғысынан өте мазмұнды және дәйекті болды.

Қазақстан су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамаға қосылуға дайындалып жатқандықтан, кеңеске қатысушылар бөліскен халықаралық тәжірибе өте құнды. Себебі, Қазақстанның хаттама шеңберінде жүргізілетін болашақ жұмысы үшін үлгі болып табылады.