2020жылғы 6 қарашада Халықаралық суды бағалау орталығының директоры (ХСБО)  Серік Ахметов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Руслан Маткеримовпен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты ХСБО-ның Қырғызстанмен су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері жөнінде келіссөздерге келу және болашақта ынтамақтаса отырып жсалынатын жұмыстарды талқылау болды. Кездесу барысында екі тарап өңірлік деңгейде трансшекаралық су ресурстарын басқару механизмдерін жетілдіру және ағымдағы жұмыстар мен мүмкіндіктер туралы пікір алмасу, сондай-ақ Қырғызстанның су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі қазіргі саясаты туралы ақпарат алмасты.

Атап айтқанда, Маткеримов мырза келесі келісімдердің өзектілігін атап өтті:

-Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім туралы, яғни Арал теңізі мен оның айналасындағы зоналардың мәселелерін шешу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және Арал өңірін орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту (1993)

- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Нарын-Сырдария сарқырамасы су қоймаларының су және энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы келісім (1998)

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі үкіметаралық мәртебесі бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану туралы келісім (2000)

Ахметов мырза, өз кезегінде, жоғарыда аталған келісімдерді тиімді жүзеге асыру үшін халықаралық құқықтық құралдарды, атап айтқанда, ХСБО көмекші органы болып табылатын трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияны пайдалану талап етілетінін атап өтті.

Өз кезегінде, Елшілік Кеңесші су-энергетикалық ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы мәселесін қозғады. Бұл мәселе Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2020-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына енді және Қырғызстан саясатында өзекті болып табылады. Сондай-ақ, ол Қырғызстан су-энергетикалық консорциум құру мәселесіне қайта оралуды толық қолдайтынын атап өтті.

Қорытындылай келе, екі тарап су ресурстарын трансшекаралық пайдалану жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарды қазіргі заманғы болмысқа бейімдеу қажеттігі туралы келісті. Атап айтқанда, ХСБО-ның негізгі назарын су-энергетикалық консорциум тұжырымдамасын әзірлеуге және осы мәселе бойынша Қазақстан мен Қырғызстан сарапшылары арасында техникалық консультациялар өткізуге бағыттау ұсынылды.

Кездесу соңында екі тарап Қырғызстан мен ХСБО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін зерделеуге және екі жақтың трансшекаралық суды пайдалануда ақылға қонымды көзқарастары Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына елеулі үлесін әкеліп қана қоймай, бүкіл өңірдің халықаралық имиджін арттырады деп келісті.