2020 жылғы 20 қарашада Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстандағы су саясаты туралы Ұлттық диалог жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтеді.

ССҰД Қазақстанда 2012 жылдан бастап Еуропалық Одақтың, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен орындалады және Қазақстанның су ресурстарын басқару және Қазақстанның мемлекеттік органдары, ғылыми институттары, үкіметтік емес ұйымдары мен жеке сектор арасындағы Қазақстанның су ресурстарын пайдалану және қорғау проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау алаңы болып табылады.

Іс – шараны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Еуропалық Одақтың "Еуропалық Одақ-Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық, WECOOP" Өңірлік жобасын орындау шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, суды бағалаудың халықаралық орталығымен бірлесе ұйымдастырады.

Отырыста қатысушылар трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды қарайды, сондай-ақ 2021 жылға арналған ССҰД жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік авариялардан судың ластануын алдын-алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктері және су мен денсаулық проблемалары жөніндегі Хаттама шеңберінде орындалатын іс-шаралар қаралатын болады.

Отырыс халықаралық суды бағалау орталығының кеңсесінде бейнеконференция режимінде ұйымдастырылады. Отырысқа қатысушыларға орыс-ағылшын тілдерінде синхронды аударма ұсынылады. Кеңес Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 14.30-да басталады.