2020 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) екінші отырысы өтті.

Отырыста қатысушылар Қазақстанның Конвенция бюросына төрағалығы аясында орындалған іс-шараларды талқылады, Конвенция жұмысының 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттарын және Жұмыс тобының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды.

Отырыс Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен бейнеконференция режимінде өтті.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Конвенция бюросына төрағалық етуін жүзеге асыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс органының функцияларын орындайды. Ол Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 28.01.2019 жылғы № 39 бұйрығымен құрылған. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Конвенция бюросына төрағалық етуін жүзеге асыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс органының функцияларын орындайды. Хатшылықтың функциялары Халықаралық суды бағалау орталығына (ХТҚО) жүктелген.

Қазақстан 2018 жылғы 10-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Тараптар Кеңесінің сегізінші сессиясында Конвенция Бюросында төрағалық етуші елдің міндеттемелерін өзіне алды. Бюро төрағасы болып ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Зебешев Ардақ Темірханұлы сайланды.