25 ақпанда Халықаралық суды бағалау орталығы «Су тұрақты қалпына келтірудің қозғаушы күші ретінде: Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудың экономикалық, институционалдық және стратегиялық аспектілері» бағдарламасы бойынша вебинарға қатысты. Аталған бағдарлама Швейцариялық дамыту бойынша ынтымақтастықтың Blue Peace Central Asia (BPCA) бастамасымен, Стокгольм Халықаралық су ресурстары институтымен (SIWI), Будапешттегі Корвинус университетінің Орталық Азияны зерттеу орталығымен (CUB) және Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен қолдау тапқан. (CAREC).

Вебинардың негізгі мақсаты Орталық Азияның су секторының тұрақтылығына қол жеткізу үшін қажетті құрылымдық және институционалдық реформаларды анықтау болды.  Вебинар екі сессияға бөлінді. Бірінші сессия барысында Орталық Азиядағы су секторын қалпына келтіру стратегиялары және де оларды пандемия салдарын жұмсарту үшін енгізу қажеттілігі талқыланды. Екінші сессия өңір елдерінің су секторын қолдаудағы институционалдық реформаларға арналды. Орталық Азия елдерінің негізгі су инфрақұрылымы әлі де мемлекеттік меншікте қалып отырғандықтан, елдердің су секторының институционалдық реформаларын жеделдету ұзақ мерзімді тұрақтылықты және тұтастай алғанда өңірдің гүлденуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Жалпы, қатысушылар Орталық Азия елдерінде су секторының институционалдық және құрылымдық реформаларын тиімді енгізу неғұрлым тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ондаған миллион адамға кең пайда ұсынуға мүмкіндік береді деген пікірге келді.