10-18 наурыз аралығында Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) онлайн форматта өткен БҰҰ ЕЭК өңірдің орнықты дамуы бойынша өңірлік форумға қатысты. Ашылу 17 наурызда, пленарлық сессия және жабылу – 18 наурызда өтті. Форумның негізгі бөлігі су ресурстарымен байланысты орнықты дамудың таңдап алынған мақсаттарына сәйкес бөлінген қатарлас кластерлік іс-шараларға бөлінді.

2021 жылғы 11 наурызда бейнеконференция форматында "нәтижелерге қол жеткізу үшін су диалогтары – Бонн 2021: ОДМ 6 салааралық іске асыруды жеделдету"атты іс-шара өтті. Іс-шараны Германияның Қоршаған орта, табиғатты қорғау, ядролық реакторлардың құрылысы және қауіпсіздігі Федералды министрлігі Словения Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты су ресурстарымен байланысты орнықты даму мақсаттарын жедел жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті іс-қимылдарды қабылдауға қатысты БҰҰ ЕЭК перспективаларын талқылау болды. Іс-шара барысында қатысушылар 6 ОДМ іске асырудағы соңғы жылдардағы прогресс нәтижелерін, климаттың өзгеруі салдарының осы нәтижелерге қол жеткізуге әсерін талқылады, сондай-ақ 6 ОДМ және онымен байланысты 16 ОДМ (сот төрелігі және тиімді институттар) қол жеткізудегі трансшекаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті. Аталған іс-шараға қатысушыларға сумен жабдықтау және санитария саласындағы ОДМ жетудегі прогресті жеделдету үшін негіздемелік бағдарлама қайта ұсынылды, оның нәтижелері Нью Йоркте 2023 жылғы БҰҰ конференциясында қаралатын болады.

Су диалогтарының басты мақсаты ОДМ-ға қол жеткізу процесіне мемлекеттік қызметшілерден бастап жеке сектор мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне дейін барлық мүдделі тарапты тарту болып табылады. Су диалогтарын өткізу бастамасы су ресурстарымен байланысты 2030 орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуге арналған. Диалогтар сериясы 2021 жылғы ақпан-маусым аралығында өтеді және 2021 жылғы шілдеде Германияның Бонн қаласында жоғары деңгейдегі кездесумен аяқталады. Өз кезегінде, су диалогтары және олармен байланысты жоғары деңгейдегі кеңестер 2018-2028 жылдардағы су ресурстары саласындағы онжылдықтың мақсаттарына шолу жүргізілетін БҰҰ-ның 2023 жылғы Нью-Йорктегі конференциясына дайындықтың ресми процесінің бөлігі болып табылады.