ХСБО ұдымы сіздерге "Еуразия елдері арасындағы су ынтымақтастығын нығайту үшін трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу" электрондық кітапшасын үлкен қуанышпен ұсынады.  

Су ресурстарын бөлу әлемнің көптеген аймақтарындағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Су ресурстарын пайдалану мен тұтынудың артуы, судың жетіспеуі және климаттың өзгеруі бүкіл әлемде су бөлу мәселесіне қызығушылықты арттырды. Су тапшылығының өсуі жағдайында суды орнықты және әділ бөлу мәселесі Еуразия елдері үшін де өте өзекті.  

Трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлудің әділ және тұрақты тетіктерін әзірлеу мақсатында трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияны орындау шеңберінде трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу жөніндегі Нұсқаулық әзірленеді, ол су ресурстарын кешенді басқару және трансшекаралық өзен бассейндерінде басқару саласында шешім қабылдайтын тұлғалар, практик мамандар үшін практикалық нұсқаулық болуға тиіс.  

Осы Нұсқалық әзірлеуді қолдау үшін "трансшекаралық контексте су ресурстарын тұрақты бөлу"өңірлік жобасы іске асырылды. Жоба Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, сондай-ақ Ауғанстан, Иран, Қытай, Ресей және Моңғолия сарапшылар тобының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық қолдауымен орындалды.   Жоба басшылықтың сипаттамалық бөлігін, трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлудің әртүрлі аспектілері бойынша ынтымақтастықтың тақырыптық мысалдарын дайындауға айтарлықтай үлес қосты, Еуразиялық аймақ елдерінің басшылығына шоғырландырылған ұсыныстарды әзірлеуге көмектесті.  

Брошюра по распределению водных ресурсов в транграничном контексте   Brochure on water resources allocation in a transboundary context

(жарияланымды жүктеу үшін жоғарыдағы фотосуреттерге тіркелген сілтеме бойынша өтіңіз)

Осы жарияланым өңірлік жоба шеңберінде дайындалған материалдар негізінде дайындалды және жоба сарапшылары тобының қатысуымен жасалды.   Жарияланым Еуразия елдерінің трансшекаралық өзендерінің бассейндерінде қалыптасқан өңірлік ынтымақтастыққа шолуды, осындай ынтымақтастықтың құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберлерінің және трансшекаралық бассейндерде су ресурстарын бөлудің қысқаша сипаттамасын қамтиды. Онда сондай-ақ су ресурстарын бөлу мәселелеріндегі өзара іс-қимылдың қазіргі проблемалары қаралды және оларды шешу жөнінде ұсынымдар ұсынылды.