2021 жылғы 1 сәуірде Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстандағы “су ресурстары және қоршаған орта” бойынша бес жылдық өңірлік жобасын іске қосу бойынша кіріспе семинарға қатысты. Бұл жоба Орталық Азияның бес елі мен Ауғанстанның  арасындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық қауіпті азайту мәселелерінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қатысушылар “су – энергетика – азық-түлік қауіпсіздігі” жүйесіндегі ортақ су ресурстарын басқару бойынша ұлттық және өңірлік мәселелерді талқылады және осы мәселелерді шешуде USAID-тің “су ресурстары мен қоршаған орта” бойынша жаңа өңірлік жобасының маңызды рөлін атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жағдайындағы өңірлік ынтымақтастық ерекшеліктерін есепке алудың, Сырдария және Әмудария өзендері бассейнінде сапалы мониторингті қамтамасыз етудің және трансшекаралық мәселелерді шешу бойынша басқа елдердің тәжірибесін назарға алудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараны АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) ұйымдастып, онлайн режимінде өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар; Ауыл шаруашылығы; Энергетика; Сыртқы істер; Ұлттық экономика; Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, су ресурстарын басқару жөніндегі өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғамдастықтың, жеке сектордың, ғылыми және зерттеу институттарының өкілдері қатысты.