2021 жылғы 1 сәуірде Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция шеңберінде мониторинг, бағалау және деректермен алмасу жөніндегі сарапшылар кеңесіне қатысты. Іс-шара онлайн форматта өтті және екі отырыстан тұрды.

Кеңесте қатысушыларға трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция шеңберіндегі мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс және трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция жұмысының 2022-2024 жылдарға арналған келесі бағдарламасын дайындау үшін зерттеу қорытындылары ұсынылды. Бұдан басқа, қатысушылар трансшекаралық өзендер, көлдер және жерасты суларын мониторингтеу мен бағалаудың қолданыстағы басшылыққа алынатын қағидаттарын, сондай-ақ елдердің басшылыққа алынатын қағидаттар мен тиісті практиканы қолдану әлеуетін шолу бойынша презентацияларды тыңдады. Кеңес қорытындысы бойынша трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияның 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы бойынша қорытындылар ұсынылды.

Кеңес мониторинг пен бағалауға байланысты мәселелерде жұмыс тәжірибесі бар сарапшыларға және су жөніндегі Конвенцияның үйлестіру орталықтарына, әсіресе мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс тобының (РММА) он бесінші кеңесіне және деректер мен ақпарат алмасу жөніндегі жаһандық семинарға (2019 жылғы 4-6 желтоқсан) қатысқандарға; және басым тақырыптар бойынша ынтымақтастыққа мүдделі ұйымдарға бағытталған. Кеңес үкіметтерден, халықаралық және аймақтық ұйымдардан, азаматтық қоғамнан, академиядан және жеке сектордан басқа мүдделі сарапшылардың қатысуы үшін де ашылды.