2021 жылғы 26-28 сәуір аралығында Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) онлайн режимінде су ресурстарын біріктірілген басқару бойынша жұмыс тобы мен мониторинг және бағалау бойынша жұмыс тобының бірлескен үшінші отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты Конвенция Тараптары Кеңесінің тоғызыншы сессиясының (2021 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан, Женева қ., Швейцария) құжаттарын, оның ішінде Конвенция жұмыстарының 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын және ХСБО жұмысының 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын талқылау болды.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс топтары ХСБО-ның 2019-2021 жылдардағы жұмысын жоғары бағалады. Қазақстанға ХСБО-ға 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын әзірлеуде қолдау көрсету және оны Тараптардың тоғызыншы сессиясында бекітуге ұсыну ұсынылды. Жұмыс топтары сондай-ақ конвенцияның 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс

бағдарламасының жобасы, трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу жөніндегі Басшылықтың жобасы, ТДМ 6.5.2 нысаналы көрсеткіші бойынша есептілік және басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, жеке сектордың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қосымша ақпарат алу үшін: https://unece.org/environmental-policy/water/events/3rd-Joint-meeting-WGIWRM-and-WGMA