2021 жылғы 18 маусымда USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасымен және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасындағы Ұлттық сектораралық жұмыс тобының (ҰСЖТ) бірінші отырысы өтті.

Іс-шара гибридті форматта, онлайн және қатысушылардың жеке қатысуымен Марриот Астана қонақ үйінде өтті. Іс-шараға ҰСЖТ мүшелері, Орталық Азиядағы USAID миссиясының өкілдері, сондай-ақ су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID өңірлік жобасының өкілдері қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты ҰСЖТ-ға енгізілген министрліктер мен ведомстволардың номинацияланған өкілдерімен танысу және осы жобаны іске асырудың бірінші жылына арналған мақсаттар, міндеттер мен алдын ала жоспарларды ұсыну болып табылады.

ҰСЖТ құрамына Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық институттар мен ұйымдардың өкілдері кірді. ҰСЖТ отырыстарын жылына екі рет өткізу жоспарланып отыр.

Отырысқа қатысушылар өңірлік жобаның төрт компонентінің әрқайсысы бойынша презентацияларды тыңдады, олар: әлеуетті дамыту және білім беру, Су ресурстарын ықпалдастыра басқару (СРЫБ), трансшекаралық су ынтымақтастығы бойынша өңірлік және Ұлттық бастамалар, сондай-ақ Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешу.

Қатысушылар су-энергетика-азық-түлік-қоршаған орта өзара байланысы тұрғысынан өңірлік ынтымақтастыққа қатысты ұлттық басым бағыттар мен мүдделер туралы талқылап, пікір алмасты. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Қазақстандағы өңірлік жоба компоненттерін релиздеуге ұсыныстар жасады. Соның ішінде Қазақстандағы су ресурстарын кешенді басқару, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін оқу орындарының әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар, өзен бассейндік кеңестерінің тұрақтылығын арттыруға қатысты ұсыныстар ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ұсынған ұсыныстарды қарау және отырыс Хаттамасын дайындау туралы шешім қабылданды.