2021 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.С. Қожаниязовтың төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) үшінші отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысында қатысушылар 2021 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Швейцарияның Женева қаласында өтетін трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция кеңесінің тоғызыншы сессиясына Қазақстанның қатысуын дайындауға қатысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тоғызыншы сессияға қатысу үшін Қазақстан делегациясының түпкілікті құрамы туралы, сондай-ақ трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция Бюросының құрамына кандидатура туралы шешім қабылданды.

Отырыс Қазақстанның мемлекеттік органдарының қатысуымен өтті.

Отырыс жұмысын бейнеконференция режимінде ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Конвенция Бюросына төрағалық етуін жүзеге асыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс органының функцияларын орындайды.

Ол Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 28.01.2019 жылғы № 39 бұйрығымен құрылған.

Хатшылықтың функциялары Халықаралық суды бағалау орталығына жүктелген.

Қазақстан 2018 жылғы 10-12 қазанда Нұр-сұлтан қаласында өткен Тараптар Кеңесінің сегізінші сессиясында Конвенция бюросында төрағалық етуші елдің міндеттемелерін өзіне алды.