2021 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазанның аралығында Швейцарияның Женева қаласында трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің тоғызыншы сессиясы өтеді.

Тараптар кеңесінің негізгі міндеті Конвенцияның орындалуын бақылауды жүзеге асыру және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау. Тараптар кеңесі үш жылда бір рет өткізіледі. Конвенция күшіне енген сәттен бастап Тараптар Кеңесінің сегіз сессиясы өтті.

2018 жылғы қазан айында Нұр-сұлтан қаласында Конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы өткізілді. Кеңесте Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асырудың алғашқы стратегиясы, сондай-ақ су ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі жаңа міндеттерді қамтитын 2019-2021 жылдарға арналған ауқымды жұмыс бағдарламасы қабылданды.

Осы сессияда Қазақстан өзіне негізгі саясатты айқындайтын Конвенцияның басқарушы органы болып табылатын Конвенция бюросындағы Төраға елдің міндеттемелерін қабылдады. Бюродағы төрағалық қабылдаушы Тараптан бірқатар міндеттемелерді орындауды, Конвенцияны жаһандық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесуді, Конвенцияны жүзеге асыру стратегиясын орындауға және 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын іске асыруға қолдауды талап етеді. 2021 жылғы қазанда, Тараптар Кеңесінің тоғызыншы сессиясы кезінде Қазақстан Эстония бюросына төрағалықты тапсырады.

Тараптар Кеңесінің тоғызыншы сессиясында трансшекаралық су ынтымақтастығының түрлі аспектілері бойынша, оның ішінде бассейндік келісімдерді әзірлеу, су ресурстарын тұрақты бөлу, су-азық-түлік-энергия-экожүйе өзара байланысы, мониторинг, деректерді бағалау және алмасу, климаттың өзгеруіне бейімделу, трансшекаралық ынтымақтастықты қаржыландыру сияқты мәселелер бойынша шешімдерді қарайтын және қабылдайтын болады. Сессияда сондай-ақ Конвенцияны орындаудағы прогресс қаралып, 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы қабылданатын болады.

Тараптар Кеңесінің тоғызыншы сессиясының жұмысы пленарлық сессиялар, жоғары деңгейдегі сегмент, жалпы сегмент және қосарлас іс-шаралар түрінде ұйымдастырылатын болады.

Жоғары деңгейлі сегмент "Су және Әлем" тақырыбы бойынша өткізіледі. Бұл сегмент тұрақты дамудағы судың рөлі, аймақтық интеграция, трансшекаралық бассейндердегі ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы диалог алаңын ұсынады.

Жоғары деңгей сегментіне қатысуға жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалар шақырылды. Сегментті Конвенция бюросының төрағасы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев мырза ашады. Сегменттің ашылуында Эстония Республикасының Президенті Керсти Кальюлайд ханымның, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мырзаның, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзаның, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы-БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ольга Алгаерова ханымның сөйлеген сөздері мәлімделеді.

Жалпы, Тараптар Кеңесінің тоғызыншы сессиясына 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Әлеуметтік алыстау режимін сақтау мақсатында қатысушылардың шектеулі саны ғана Женева қаласында қатысады.