2021 жылғы 19-20 қазан аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында "Бейбітшілік пен даму үшін су қауіпсіздігі" 9-шы Дүниежүзілік су форумына Орталық Азия субөңірлік дайындық конференциясы өтті.

Конференция Орталық Азия үшін аса маңызды мәселелерге сәйкес 9-шы Дүниежүзілік су форумына (2022ж. 22-26 Наурыз) өңірлік күн тәртібін қалыптастыру және келісу мақсатында ұйымдастырылды. Ол сондай-ақ "тұрақты дамуға арналған су" 2018-2028 жылдарға арналған іс-қимылдардың халықаралық онжылдығын іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған болатын.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының және Орталық Азия елдерінің басқа да мүдделі ведомстволарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, үкіметтік емес институттардың өкілдері және басқа да сарапшылар қатысты. Конференцияны Тәжікстан Үкіметі мен басқа донорлардың қолдауымен ХАҚҚ Атқарушы комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында трансшекаралық су ынтымақтастығының, таза су мен санитарияны қамтамасыз етудің, су, энергия, азық-түлік және қоршаған ортаның өзара байланысының, климаттың өзгеруіне бейімделудің және су секторын қаржыландырудың басым мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.

Конференция соңында Ұйымдастыру комитеті 2022 жылы Дакар қаласында өткен 9-шы Дүниежүзілік су форумында Орталық Азия елдерінің негізгі ұстанымы ретінде әрекет ететін іс-шараға қатысушылардың түсініктемелері мен ұсыныстары бар конференцияның қорытынды құжатын дайындау туралы ақпаратты жариялады.