2021 жылғы 10-11 қараша аралығында бейнеконференция режимінде Словакия Республикасы мен Орталық Азия елдері арасында гидрометеорологиялық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің мақсаты Орталық Азия елдеріне су ресурстарының мониторингі саласындағы еуропалық тәжірибені зерделеуге жәрдемдесу болды.

Тренингті халықаралық суды бағалау орталығы (ХТҚО) ЕО қаржыландыратын "Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP) жобасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тренинг жұмысына гидрометеорологиялық қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын словак мемлекеттік кәсіпорындарының және жеке компаниялардың (Словак гидрометеорологиялық институты, "Vodohospodarska vystavba" мемлекеттік кәсіпорны, "MicroStep-MIS" компаниялары және т.б.) мамандары, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен гидрометеорологиялық қызметінің мамандары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы сарапшылар (барлығы 50 адамнан астам) қатысты.

Тренинг барысында словак мамандары қатысушыларды жер үсті және жер асты су ресурстарының мониторингі бойынша деректер мен ақпаратты жинау, өңдеу және берудің еуропалық тәжірибесімен, гидрологиялық болжамдарды жасаудың заманауи технологияларымен, автоматтандырылған гидрологиялық кешендер мен өңірлік сандық модельдерді пайдалану тәжірибесімен таныстырды.

Сондай-ақ, тренингте гидрометеорологиялық қызмет көрсету саласындағы елдердің ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Презентациялар (ағылшын тілінде):

https://drive.google.com/drive/folders/1jCFIqnZuCuyz6SoC10r3ir7P6cZUVu2y?usp=sharing

Презентациялар (орыс тілінде):

https://drive.google.com/drive/folders/1nEf_6dtDasT7UTIDFIbI1bV-RfHxLSJi?usp=sharing