2021 жылғы 25 қарашада Қазақстан, Нұр-сұлтан қаласында су саясаты туралы Ұлттық диалог (ССҰД) жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жетінші отырысына дайындық бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кеңес Қазақстанның мемлекеттік органдары өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы Қазақстан су шаруашылығының өзекті мәселелерін, атап айтқанда Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалану, Орталық Азиядағы бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік келісімді қарастыру, Қазақстанның жаһандық су іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ суармалы алқаптарда суды есепке алу және суды үнемдеу мәселелерін талқылады.

Аталған мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша жұмыс тобы 2022-2023 жылдарға арналған ССҰД болашақ жұмыс жоспарына енгізілетін талқыланған проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар мен шаралар әзірледі. Жұмыс жоспарын келесі жылдың басында ССҰД Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің келесі отырысында қабылдау жоспарлануда.

Қазақстанда су саясаты бойынша Ұлттық диалогтар 2012 жылдан бастап Еуропалық Одақтың, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізіліп келеді. Диалог Қазақстанның су ресурстарын басқару саласындағы өзекті проблемалар бойынша шешімдерді талқылау және іздеу алаңы болып табылады.

Кеңесті Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ЕО қаржылық қолдауымен және БҰҰ ЕЭК және халықаралық суды бағалау орталығының (ХCБО) техникалық қолдауымен ұйымдастырды.