2021 жылғы 21 желтоқсанда "Сырдария өзенінің авариялық жағдайларда ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу"жобасы сарапшыларының бірінші техникалық кеңесі өтті.

Кеңестің мақсаты жоба іс-шараларын орындау бойынша жұмыс жоспарын талқылау және келісу болды. Кеңесте жоба туралы ақпарат, оның ішінде сарапшылардың тапсырмалары, жұмыс жоспарының жобасы, сондай-ақ қорытынды есептің құрылымы ұсынылды. Сонымен қатар, әрбір сарапшы жоба компоненттерін орындау бойынша өзінің пайымымен қысқаша ақпарат берді.

"Авариялық жағдайлар кезінде Сырдария өзенінің ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу" жобасы Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобына судың авариялық ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеуге жәрдем көрсету арқылы Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурстарының ластануын азайтуға және оның алдын алуға бағытталған. Жобаға Орталық Азия елдерінен, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан сарапшылар қатысуда.

Жоба БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен және Халықаралық суды бағалау орталығымен ынтымақтастықта Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен орындалады.