2022 жылғы 8-10 ақпанда "БҰҰ-су ресурстары" бастамасы шеңберінде ТДМ 6 қол жеткізудің кешенді мониторингі бойынша (КМБ-ТДМ6) су және санитария саласында 6 ТДМ кешенді мониторингі бойынша 2-ші Жаһандық семинар өткізілді.

Семинардың жалпы мақсаты БҰҰ-ның елдік үйлестірушілері мен жауапты мекемелеріне бүгінгі күні жасалған күш-жігердің қорытындыларын шығару үшін платформа ұсыну, 6-ТДМ жетудегі прогресс туралы хабарлау, 6-ТДМ деректерін пайдалану бойынша келесі қадамдарды қарау және 6-ТДМ бойынша мониторинг және есептілік бойынша болашақ жұмысқа дайындалу болды.

Семинарға 6 ОДМ бойынша деректерді БҰҰ-ға, БҰҰ-ның түрлі агенттіктеріне және Халықаралық ұйымдарға мониторингтеуге және ұсынуға қатысатын ұлттық сарапшылар қатысты. Сонымен қатар, бірқатар өңірлік ұйымдар, сондай-ақ даму бойынша серіктестер шақырылды.

Семинар үш сессиядан тұрды:

Бірінші сессияда елдердің бірнеше жылдағы КМБ-ТДМ жұмысы туралы пікірлері жиналды, сондай-ақ көрсеткіштер мен секторлар бойынша елдік деңгейде ынтымақтастықты жақсарту сектораралық мәселелері мен тәсілдері қаралды.

Екінші кезекті сессияда қатысушылар жиналған деректерді саясатты әзірлеу үшін пайдалану бойынша келесі қадамдарды қарастырды. Сондай-ақ, әртүрлі деңгейлерде (жаһандық деңгейден жергілікті деңгейге дейін) деректерді пайдалану бойынша тақырыптық зерттеулер ұсынылды және сыртқы байланыс сарапшысымен консультациялар өткізілді.

Үшінші сессияда "нақты уақыт режимінде консультациялар" өткізілді, оның шеңберінде бірқатар елдер қатысушылардан олар тап болатын мониторингтің нақты проблемалары бойынша ұсынымдар беруді сұрады.

2023 жылы КМБ-ТДМ 6 үшінші кезеңге өтеді. Осы кезеңді жүзеге асыру үшін КМБ-ТДМ 6 қазіргі уақытта сыртқы тексеру жүргізуде, оның барысында елдердегі үйлестірушілерге атқарылған жұмыстар туралы пікірлер ұсынылатын болады. Екінші жаһандық семинар елдер арасындағы оқыту және алмасу құралы ғана емес, сондай-ақ әртүрлі деңгейлерде ТДМ 6 болашақ мониторингі үшін қажеттіліктер мен басымдықтарды айқындау үшін маңызды платформа болды.