Эстонияның қоршаған орта министрлігі және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) Финляндиямен ынтымақтастықта трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның отызыншы жылдығына арналған арнайы іс-шара ұйымдастырады. Іс-шараны Конвенцияның қазіргі төрағасы Эстония 2022 жылғы 30 Маусымда Таллин шығармашылық орталығында және онлайн режимінде өткізеді.

Конвенцияның жылдығына арналған іс-шара келесі мәселелерге арналған екі интерактивті сессия аясында ұйымдастырылады:

  • Ретроспективада: Су конвенциясын қолданудың 30 жылдық тәжірибесі.

Қатысушылар трансшекаралық Су конвенциясының соңғы отыз жылдағы табыстары мен жетістіктерін талқылайды.

  • Болашаққа қарап: Су конвенциясын не күтіп тұр?

Қатысушылар алған сабақтарын және Конвенцияның болашағын, оның жаһандануын және болашақ жұмысын талқылайды.

2022 жылғы 29 маусымда Эстония Конвенцияның отыз жылдығына орай арнайы қабылдау өткізеді. Аталған іс-шара 2022 жылғы 28 және 29 маусымда Swissotel Tallinn және онлайн өтетін су ресурстарын біріктірілген басқару жөніндегі жұмыс тобы мен мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс тобының төртінші бірлескен отырысымен қатар ұйымдастырылады.

Іс-шара туралы толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: https://unece.org/WaterConvention30years