2022 жылғы 28-29 маусымда Эстонияның Таллин қаласында трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенцияның (трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция) 30 жылдығын мерекелеуге арналған су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобы мен мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс тобының төртінші бірлескен отырысы өтті.

Кеңесті Эстонияның қоршаған орта Министрлігі және БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы Финляндиямен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Жұмыс тобының төртінші отырысы шеңберінде трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияның 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру, Тараптар Кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданған шешімдерді орындау және трансшекаралық бассейндер бойынша мониторинг, бағалау және ақпарат алмасу саласындағы прогреске шолу жөніндегі мәселелер қаралды.

Кеңес жұмысына су ресурстары мен қоршаған ортаға жауапты мемлекеттік органдардың, сыртқы саяси ведомстволардың, сондай-ақ бірлескен органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми топтардың өкілдерін қоса алғанда, 80-ге жуық ел қатысты. Қазақстан делегациясының атынан Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық өзендерді реттеу басқармасының басшысы Қаламқас Дүзбаева қатысты.

Жаканбаев Арсен

Дузбаева Каламкас

2022 жылғы 30 Маусымда Конвенцияның жылдығына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Оның мақсаты трансшекаралық сулар туралы Конвенция аясында соңғы отыз жылдағы жетістіктер мен сабақтарды қарастыру болды.

Арнайы іс-шарада Конвенция Тараптары Кеңесінің алдыңғы төрағалары қысқаша әңгімелер айтып, онда трансшекаралық су ынтымақтастығы саласындағы тәжірибемен, Конвенцияны іске асырудағы өзекті проблемалармен, сондай-ақ оны дамыту және жаһандану жөніндегі ұсыныстармен бөлісті.

Маутанова Жанар

"Қабылданғаннан кейін отыз жыл өткен соң Конвенция біртұтас құқықтық базаны да, ортақ су ағыстарын неғұрлым тиімді басқару үшін үкіметаралық платформаны да қамтамасыз ете отырып, бұл ретте ТДМ 6-ға және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібіне қол жеткізуге ықпал ете отырып, бұрынғыдан да өзекті болып қала береді. Оның қызметіне әлемнің 130 елі қатысады және 15-тен астам ел қазіргі 46 Тарапқа қосылу жолында, оның ішінде Пан-еуропалық аймақтан тыс 5 ел, атап айтқанда Чаду, Сенегал, Гана, Гвинея-Бисау және Того. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының айтқан сөздеріне қосыламын және басқа елдерді осы маңызды негізге қосылуға шақырамын", — деді БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Мариясин.

52182169290 51f7e481b3 c

Эстонияның қоршаған орта Министрлігінің Бас хатшысы Меэлис Мюнт мырза: "Әлемде 153 елді бөлетін 286 трансшекаралық өзен бар. Қазіргі уақытта су Конвенциясының 46 қатысушысы бар, сондықтан бұл елдердің көпшілігі Конвенцияға әлі қосылмаған. Эстония төрағалығы бүкіл әлемде Конвенцияны кеңейтуге басым назар аударады".

Су конвенциясы кеңінен танылған құқықтық негіз болып табылады. Ол тараптардан судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсердің алдын алуды, бақылауды және қысқартуды, трансшекаралық суларды ақылға қонымды және әділ түрде пайдалануды және ынтымақтастық арқылы олардың тұрақты басқарылуын қамтамасыз етуді талап етеді. Сол бір трансшекаралық сулармен шектесетін тараптар нақты келісімдер жасасу және бірлескен органдар құру жолымен ынтымақтасуға міндетті.

"Трансшекаралық сулар туралы Конвенция: жер бетіндегі әрекеттер мен жетістіктердің 30 жылы" мерейтойлық басылымында атап өтілгендей, 1994 жылғы Дунай өзенін қорғау туралы Конвенция, 1999 жылғы Рейнді қорғау туралы Конвенция немесе 2017 жылғы Орталық Африкадағы ортақ су ресурстарын басқаруға байланысты қақтығыстардың алдын алу туралы Конвенция сияқты көптеген маңызды су келісімдері су конвенциясын олардың тараптарының ынтымақтастығы үшін негізгі бағдар ретінде атап өтеді. Вольта өзенінің бассейнінің 2018 жылғы су хартиясы сияқты жаңа келісімдер су конвенциясына көбірек сілтеме жасайды.

52183934906 46da1633d4 k

"Трансшекаралық сулар туралы Конвенция бейбітшілік пен сенім жағдайында трансшекаралық суларды басқару мен дамытудың маңызды құралы болып табылады", — деді Гана санитария және су ресурстары министрі Сесилия Абена Дапаа.

Трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенцияның 30 жылдығы әлемнің трансшекаралық өзендерінің, көлдерінің және сулы қабаттарының көпшілігі трансшекаралық су ынтымақтастығының қолданыстағы тетігінің артықшылықтарын әлі пайдаланбайтындығын айқын ескерту болып табылады. БҰҰ ЕЭК және ЮНЕСКО басшылығымен жүргізілген 2020 жылғы ТДМ 6.5.2 көрсеткішінің мониторингі жалпы трансшекаралық сулары бар 153 елдің 24-і ғана өздерінің барлық трансшекаралық бассейндерін жедел уағдаластықтармен қамтығанын көрсетеді.

Трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция елдерге осы өмірлік маңызы бар ортақ ресурстарды орнықты басқару үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға көмектесе алады.