БРАТИСЛАВА, 27 Қыркүйек 2022 ж. – Бүгін Словакия Республикасының Қоршаған орта министрі Ян Буданың қолдауымен Словакия, Братислава қаласында Орталық Азиядағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша 2-ші халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Гидротехникалық құрылыстар Орталық Азия елдері экономикасының маңызды объектілері болып табылады. Оларды тұрақты басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету аймақтық тұрақтылық пен елдердің экономикалық дамуы үшін маңызды. Осыған байланысты құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялар қатерінің алдын алу мәселелері өңір елдері үшін басым міндет болып табылады.

Орталық Азиядағы көптеген гидротехникалық құрылыстар трансшекаралық өзендерде орналасқан, бұл олардың техникалық жай-күйін жақсарту және олардың қауіпсіздік дәрежесін арттыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін алдын ала айқындайды. Өңірдегі гидротехникалық құрылыстардың қазіргі қауіптілік деңгейі қауіпсіздіктің нақты тұжырымдамаларын қолдануды, мониторинг пен ерте ескертудің озық әдістерін енгізуді, сондай-ақ пайдаланушы құрылымдардың институционалдық әлеуетін арттыруды талап етеді.

Халықаралық семинар гидротехникалық құрылыстарды басқарудың озық практикасын зерделеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің білімдері мен тәжірибесімен алмасуға, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша өзара іс-қимылды жақсартуға жәрдемдесуге бағытталған.

Семинарды Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) Словакия Үкіметімен ынтымақтастықта және Дүниежүзілік банктің қолдауымен Орталық Азия үшін су-энергетикалық бағдарлама (CAWEP), Slovak Aid және Vodohospodarska vystavba шеңберінде ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Словакия мемлекеттік қызметшілері, техникалық мамандары мен сарапшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік құрылымдар өкілдерін қоса алғанда, 35-ке жуық қатысушы қатысуда.

Семинар барысында қатысушылар Словакия мысалында су ресурстарын басқарудың еуропалық тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік алады. Оның қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

PHOTO 2022 09 28 13 26 36 1

Аталған семинар Орталық Азиядағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша Дүниежүзілік банк пен халықаралық суды бағалау орталығы (ХТҚО) бірлесіп ұйымдастыратын және Орталық Азиядағы су-энергетикалық бағдарлама (CAWEP) шеңберінде орындалатын іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарлама (CAWEP) өңірлік деңгейде және бенефициар елдерде су және энергетикалық қауіпсіздікке жәрдемдесу үшін қолайлы жағдайларды нығайту мақсатында Дүниежүзілік банк, Еуропалық Одақ, Швейцария және Ұлыбритания арасындағы әріптестікті білдіреді.

PHOTO 2022 09 28 09 18 30

PHOTO 2022 09 28 09 18 30 1

PHOTO 2022 09 28 09 18 31

PHOTO 2022 09 28 09 18 31 1