Эстонияның қоршаған орта министрлігі және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) Финляндиямен ынтымақтастықта трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның отызыншы жылдығына арналған арнайы іс-шара ұйымдастырады. Іс-шараны Конвенцияның қазіргі төрағасы Эстония 2022 жылғы 30 Маусымда Таллин шығармашылық орталығында және онлайн режимінде өткізеді.

2022 жылғы 13-14 сәуірде аралас форматта (Женева және онлайн) мониторинг, бағалау және деректермен алмасу жөніндегі сарапшылардың кеңесі өтті.

 

2022 жылғы 12-13 сәуірде Швейцарияның Женева қаласында 2023 жылы Нью–Йорк қаласында "Тұрақты дамуға арналған Су" іс-қимылының халықаралық онжылдығы шеңберінде ұйымдастырылатын БҰҰ-2023 су конференциясына жалпыеуропалық өңірлік дайындық кеңесі өтті. Кеңесті БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) "БҰҰ-су ресурстары" тетігімен бірлесіп аралас форматта (онлайн және офлайн) ұйымдастырды.

 

2022 жылдың 21-26 наурызында Сенегалдың Дакар қаласында «Бейбітшілік пен даму үшін су қауіпсіздігі» тақырыбы бойыншаТоғызыншы Дүниежүзілік су форумы өтеді.

Тоғызыншы форумның мақсаты жаһандық су мәселелерін талұылау және ТМД-ға қол жеткізудің алғышарты болып табылатын жаһандық су күн тәртібін тиімді жүзеге асыруды жеделдету.

 

2022 жылғы 14 наурызда климаттың өзгеруі мен апаттарға төзімділікті қамтамасыз ету үшін ғылым мен саясаттың өзара іс-қимылы саласындағы әлеуетті дамыту бойынша семинар өтті.

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы мүдделі тараптар (Төтенше жағдайлар министрлігі, климаттың өзгеруіне бейімделу) қатысты.

2022 жылғы 22-25 ақпанда "Білімнің Жібек жолы: ғылым мен жасыл саясаттың кездесуі" тақырыбы бойынша халықаралық онлайн-конференция өтті, оған түрлі мемлекеттік органдардың, халықаралық мекемелердің, ҮЕҰ өкілдері және су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеруі саласындағы мүдделі мамандар қатысты. Конференцияны Қазақстан-Неміс университеті, Германия Сыртқы Істер Министрлігі және "Жасыл Орталық Азия" бағдарламасы ұйымдастырды.

2022 жылғы 8-10 ақпанда "БҰҰ-су ресурстары" бастамасы шеңберінде ТДМ 6 қол жеткізудің кешенді мониторингі бойынша (КМБ-ТДМ6) су және санитария саласында 6 ТДМ кешенді мониторингі бойынша 2-ші Жаһандық семинар өткізілді.

Семинардың жалпы мақсаты БҰҰ-ның елдік үйлестірушілері мен жауапты мекемелеріне бүгінгі күні жасалған күш-жігердің қорытындыларын шығару үшін платформа ұсыну, 6-ТДМ жетудегі прогресс туралы хабарлау, 6-ТДМ деректерін пайдалану бойынша келесі қадамдарды қарау және 6-ТДМ бойынша мониторинг және есептілік бойынша болашақ жұмысқа дайындалу болды.

2022 жылғы 3-4 ақпанда Конвенцияның жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы (АЖТ) өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясын жүзеге асыру барысында алынған озық практика мен сабақтар бойынша семинардың арнайы сессиясын өткізді. Семинар аралас форматта, Женевада және онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Халықаралық суды бағалау орталығы БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтаса отырып, "Төтенше жағдайлар кезінде Сырдария өзенінің ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шаралар әзірлеу"жобасын орындауға бастамашылық жасады.

Жобаның мақсаты - Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобына судың авариялық ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеуге жәрдем көрсету арқылы Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурстарының ластануын азайту және алдын алу.

2021 жылғы 21 желтоқсанда "Сырдария өзенінің авариялық жағдайларда ластануының алдын алу және оған ден қою жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу"жобасы сарапшыларының бірінші техникалық кеңесі өтті.