2021 жылғы 14 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) бірлесіп 2021 жылы дайындалған индикатор бойынша жұмыс барысы туралы екінші есепті шығаруға және ТДМ 6.5 міндетін қолдау үшін трансшекаралық су ынтымақтастығы саласындағы прогресті жеделдету үшін нақты іс-қимылдарды талқылауға арналған веб-семинарды ұйымдастырды және өткізді.

2021 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.С. Қожаниязовтың төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) үшінші отырысы өткізілді.

2021 жылғы 18 маусымда USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасымен және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасындағы Ұлттық сектораралық жұмыс тобының (ҰСЖТ) бірінші отырысы өтті.

2021 жылғы 17 маусымда Халықаралық суды бағалау орталығының директоры Серік Ахметов USAID Өңірлік кеңсесінің өкілдері, су саясаты мәселелері жөніндегі үйлестіруші Мадина Ибрашева ханыммен және су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID жобасының Су ресурстарын интеграцияланған басқару компонентінің (СРББ) үйлестірушісі Анна Иноземцева ханыммен кездесті.

2021 жылғы 16 маусымда Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) «Трансшекаралық су жинау бассейндері: адамдар, планета, өркендеу және бейбітшілік үшін ортақ бассейндер» онлайн сессиясына қатысты. Онлайн сессия Еуропалық даму күндерінің форумы аясында өтті, ол өз кезегінде жыл сайын Еуропалық комиссияның қолдауымен өткізіледі.

2021 жылғы 26-28 сәуір аралығында Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) онлайн режимінде су ресурстарын біріктірілген басқару бойынша жұмыс тобы мен мониторинг және бағалау бойынша жұмыс тобының бірлескен үшінші отырысына қатысты.

2021 жылғы 21 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице – министрі С.С. Қожаниязовтың төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі-жұмыс тобы) үшінші отырысы өтті.

2021 жылғы 28 сәуірде Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) Орталық Азиядағы экологиялық қалпына келтіру және технологиялар жөніндегі семинарға қатысты. Семинарды Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты Словак Республикасының Бішкектегі ЕО-Орталық Азия (EF) экономикалық форумына қосатын үлесін ілгерілету болды.

2021 жылғы 21 сәуірде "Қол гигиенасы құралдарына жалпыға қол жетімділік: оны қалай шындыққа айналдыруға болады?" атты төртінші вебинар өтті. Вебинар БҰҰ ЕЭК және ДДҰ су және денсаулық мәселелері жөніндегі Хаттама және ДДҰ және ЮНИСЕФ бастамалары - "Баршаға арналған қол гигиенасы" шеңберінде ұйымдастырылған.

2021 жылғы 1 сәуірде Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) трансшекаралық сулар жөніндегі Конвенция шеңберінде мониторинг, бағалау және деректермен алмасу жөніндегі сарапшылар кеңесіне қатысты. Іс-шара онлайн форматта өтті және екі отырыстан тұрды.