Конвенция Тараптарының Су жөніндегі кеңесі Бюросының 31-ші кеңесі 2021 жылғы 21-22 қаңтарда өтті. Отырыс гибридті түрде, онлайн режимінде де, Женевадағы Ұлттар Сарайында физикалық қатысу арқылы да өткізілді.

2021 жылғы 18-21 Қаңтарда Халықаралық суды бағалау орталығы Словения Үкіметі, Португалия Үкіметі және Еуропалық комиссияның халықаралық әріптестік жөніндегі Бас Директораты Су және одан тыс деп атаған-ЕО-ның халықаралық әріптестікке трансформациялық тәсілдері ұйымдастырған жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты.

Трансшекаралық су ынтымақтастығын қаржыландыру және бассейндерді дамыту жөніндегі онлайн семинар 2020 жылғы 16 және 17 желтоқсанда онлайн режимінде өтті. Онда трансшекаралық су ынтымақтастығын қаржыландырумен және бассейндерді дамытумен байланысты проблемалар мен мүмкіндіктер талқыланды.

2020 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры А.Л. Шалабекованың төрағалығымен бюджеттік бағдарламалар шеңберінде дайындалған есептерді тыңдау бойынша кеңес өтті.р министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментіне ХТҚО-мен бірлесіп жұмыс нәтижелерін су Конвенциясының Хатшылығына жолдауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

2020 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросына Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) екінші отырысы өтті.

2020 жылғы 20 қарашада Нұр-сұлтан қаласында Қазақстандағы су саясаты туралы Ұлттық диалог жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өткізілді.

2020 жылғы 20 қарашада Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е. Н.Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстандағы су саясаты туралы Ұлттық диалог жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтеді.

2020жылғы 6 қарашада Халықаралық суды бағалау орталығының директоры (ХСБО)  Серік Ахметов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Руслан Маткеримовпен кездесті.

2020 жылғы 3 қарашада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы (ДДҰ) су және денсаулық мәселелері жөніндегі Хаттама бойынша Есеп беру мен көрсеткіштерді құру жөніндегі Мақсатты жұмыс тобының 11-ші жиналысын ұйымдастырды.  Кеңес онлайн және бетпе-бет жүзінде гибридті форматта өтті.

2020 жылы 15 қазанда Халықаралық суды бағалау орталығының (ХСБО) кеңсесінде ХСБО директоры С.К.Ахметовтің Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азиз мырзамен кездесуі өтті.