2019 жылғы 11-15 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша Еуропалық комиссияның Бас дирекциясының ұйымдастыруымен Су ресурстары саласындағы ғылым мен технологиялар бойынша Еуропалық Одақ - Орталық Азия желісі шеңберінде тақырыптық семинар өтті.

2019 жылғы 22-24 қазанда Женева қаласында (Швейцария) Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының он төртінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына Шекарааралық сулар жөніндегі конвенцияға мүше елдердің делегациялары және мүше емес, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыстың тең төрағаларының функцияларын Хайде Йекель ханым (Германия), Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы және Леа Кауппи ханым (Финляндия), Су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы және Мониторинг және бағалау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы орындады.

2019 жылғы 21 қазанда Женева қаласында (Швейцария) Шекарааралық мәнмәтінде Су ресурстарын бөлу жөніндегі Нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) әзірлеу бойынша сараптамалық топтың Бірінші отырысы өтті.

2019 жылғы 21-24 қазанда “Vodohospodarska Vystavba (Cу ресурстарын басқару)” словак компаниясы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен Словакия мен Қазақстан арасындағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылау.

2019 жылғы 7-11 қазанда Братислава қаласында (Словакия) БҰҰ ЕЭК және ХСБО ынтымақтастығында Словакияның "Vodohospodarska Vystavba" мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты Орталық Азия елдерінің мамандарын гиидротехникалық құрылыстарды басқарудың словак тәжірибесімен таныстыру болды.

2019 жылғы 18-19 қыркүйекте БҰҰ ЕЭК делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына сапары өтті. Делегация құрамында Әлішер Мамаджанов мырза, су саясаты жөніндегі ұлттық диалогтың өңірлік менеджері және Пеэп Мардисте мырза, халықаралық сарапшы қатысты.

2019 жылғы 23-26 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Мажарстан ІІМ Өзен бассейнін басқару және суды қорғау лепартаментінің басшысы Питер Ковач мырза бастаған венгр делегациясының сапары өтті.

2019 жылы 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) су мәселелеріне жауапты мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері су саясаты бойынша Ұлттық диалог жөніндегі жұмыс тобының кезекті кеңесіне қатысты.

2019 жылы 11-13 маусымда Көкшетау қаласында (Қазақстан) Орталық Азиядағы тау-кен өндіру операциялары мен қалдық қоймаларының қауіпсіздігін нығайту бойынша семинар-тренинг өтті.

2019 жылы 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Қоршаған орта бөлімінің директоры Марко Кейнердің ХСБО директоры Серик Ахметовтың қатысуымен кездесуі өтті.